Негізгі мазмұнға өту

Орныңыз туралы айтып беріңіз

Аймағыңызға арналған дұрыс ақпаратты көрсетуге көмектесу үшін ең жақын қала атын енгізіңіз

Uber
Талап бойынша сапарлар
Орнату

Сізге айтылған қошеметтер

Қошеметтер жолаушының көңілін қалай көтергеніңізді білуге мүмкіндік береді. Сонда жолаушы сапарының өте ерекше болғаны үшін сізге алғыс білдіріп, қала жолдарын жақсы білетініңізді немесе музыканың тамаша болғанын атап өтеді.

Қошеметтерді көру

1

Жүргізуші қолданбасын ашыңыз

2

«Рейтингтер» бөліміне өтіңіз

3

«Жолаушы қошеметтері» түймесін басыңыз

Қошеметтерді көру

Бес жұлдызды жүргізуші

Әрбір алғысыңыз сізге кейбір қалаларда тамаша сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік береді.

Қосымша мәліметтер

Жайлы әрі таза

Жолаушылар көліктің таза болғанын ұнатады. Көлігіңізге күтім көрсететін болсаңыз, біреу алғыс айтуы мүмкін.

Үздік қызмет

Тамаша қызметтің бірнеше түрі болады. Жұмысыңызды жақсы атқаратын болсаңыз, жолаушылар оны бағалайды.

Тамаша жұмыс

Бұл қошеметті жолаушының сапарын көңілді етуге әрекет жасаған жүргізуші ала алады.

Тамаша музыка

Музыканы қосып қойғанда кейбір адамдардың сапары көңілдірек өтеді. Жолаушыға ұнайтын болса, дауысын көтеріңіз!

Тамаша көлік

Кез келген көлікті жақсартуға болады. Оны таза ұстауға, аздап сәндеуге немесе оны қалаған нәрсеңізбен жолаушылар үшін тартымды етуге болады.

Көңілді жүргізуші

Жолаушы сөйлескісі келе ме? Оны әзілмен күлдіруге болады.

Қаланы жақсы біледі

Қаланы жақсы білсеңіз және маңайдағы қызықты жерлер туралы айтсаңыз, жолаушылар соған риза болады.

Тамаша әңгіме

Кейбір жолаушылар әңгімелескенді ұнатады. Сөйлескісі келетінін байқасаңыз, әңгімені бастауға болады.

Тамаша ыңғайлылық

Жолаушыларға әсер қалдырғыңыз келсе, бөтелке су немесе жеңіл тіскебасар ала шығыңыз. Біреудің күнін жадыратуыңыз мүмкін.

Жеке алғыс

Кейде белгішенің өзі жеткіліксіз болады. Жолаушыларға сапардың ұнағаны соншалық, олар сізге жеке пікірін қалдырғысы келеді. Бұл сізге лайық!

Бес жұлдызды жүргізушілерге ерекше алғыс

Жүргізушілер күн сайын жолаушыларды керек жеріне апарады. Енді жолаушылар алғыс білдіріп, жақсы сапар үшін бес жұлдызды қошемет қалдыра алады.

Бес жұлдызды жүргізушілермен танысу

Достарыңызды шақырыңыз

Аккаунтыңыз бар ма?

Достарыңызды Uber қызметін пайдаланып көруге шақырыңыз, олар жолға шыққан кезде сізге қосымша табыс түседі.

ДОСТАРДЫ ШАҚЫРУ