Демалыс күндерінде шұғыл саяхат болмай қоймайды. Шұғыл демалыс болса да, отбасы мүшесі әуежайда қалып қойса да, күтпеген саяхат міндетті түрде пайда болады. Бақытқа орай, Uber осы шұғыл жоспарларда стресті азайта алады.
Uber саяхаттауды келесідей жеңілдетеді
Дүние жүзіндегі қатынас
Uber бүкіл әлем бойынша 600-ден астам қалада бар, сондықтан басқа көлік шақыру қолданбаларын жүктеп алудың немесе шет елде такси тоқтатуды үйренудің қажеті жоқ. Бар болғаны Uber қолданбасын ашып, қызықты сапар шегіңіз.
Әуежайға сапарды жоспарлау
Үйде отырудан жалығып, саяхатқа шыққыңыз келеді ме? Түсінеміз. «Жоспарланған сапарлар» мүмкіндігі арқылы сапарға алдын-ала тапсырыс беріп, киімдерді жинауға кірісуге болады. Әр әуежайдың ережелері мен нұсқаулары әртүрлі болады. Саяхаттың қолайлы өтуін қамтамасыз ету үшін әуежайлар парақшасын қараңыз.
Әрбір саяхаттаушыға арналған опциялар
Uber қызметінде түрлі көліктер бар: жолжүктің ақылға сыймайтын мөлшерінен қалада қызық түнді өткізуге дейін. Сіздің нарықта қай опциялардың қолжетімді екенін қараңыз және қажеттіліктеріңізге сай көлікті шақырыңыз.
Тәулік бойы, демалыссыз қолжетімділік
Шұғыл сыйлық сатып алу керек пе? Демалыс маусымын болжау мүмкін емес болса да, уақытқа (немесе күнге) қарамастан, түймені бір түртіп көлік шақыра алатыныңызды біліп жүріңіз.
Жолақыны бірлесіп төлеу
Демалыс маусымының күнтізбесі әдетте кештер мен мәдени іс-шараларға толы болады. Достарыңызбен қалада қыдырып жүргенде біраз ақша үнемдегіңіз келсе, «Жолақыны бөлу» мүмкіндігімен ақыны бөлісіп төлеп көріңіз.
Осы желтоқсан айында қайда барсаңыз да, Uber қызметі саяхат жоспарларындағы стресті азайтады. Демалыс маусымын тамаша өткізіңіз және сапарыңыз қызықты болсын.
Posted by Uber
Get a ride when you need one
Start earning in your city
Get a ride when you need one
Start earning in your city
Related articles
Company