СӘЛЕМ, АСТАНА, СЕНІҢ UBER-ІҢ КЕЛДІ!
Жазған:Астана – болашақтың, арман мен үлкен мүмкіндіктердің қаласы. Бүгін өзің үшін таңғы қуанышты жаңалық бар, Астана: «Сенің uberX-ің келді».
Uber – бұл өзінің қолайлығы мен қолжетімділігінің арқасында бүкіл әлемге танымал болған, жеке жүргізушісі бар көлікке тапсырыс беретін қызмет. Қозғалыстың бұл жаңашыл түрі Нью-Йорк, Мәскеу, Лондон, Пекин, Сидней және 400-ден астам қаланың миллиондаған тұрғынының жүрегін жаулап үлгерді. Бүгіннен бастап Uber Астанада да қолжетімді.
Қазақстан астанасында қосылатын UberX – комфорт санаттағы 5 жылдан кем жол жүрген Toyota Camry, Hyundai Accent, Kia Rio автокөліктері бар Uber қолжетімді өнімі.
Қазақстанда Uber-ді ең алғаш қолданған медиа-маман Әлішер Елікбаев.
“Бұрын таксиді барынша аз шақыртатынмын – Алматы, Стамбул және Бангкок қалаларында жайсыз оқиғаларға тап болғанмын. Uber-дің қолайлылығын ең алғаш Лондон мен Нью-Йорктегі қазақстандық студенттер ашты. Түрлі төлемдерге бас қатырмайтындықтан және сенімді жүргізушілермен жұмыс істегендіктен, алаяқтық қаупі де жоқтың қасы. Содан бері Uber болған қалаларда тек соны қолданамын.”
UberX-тің Астанадағы тұтынушыларына келесі тарифтер ұсынылады: шақыру үшін 170 теңге, бір шақырымға 40 теңге және минутына 5 теңге (жол жүру құны мен әрбір минуты жинақталып есептеледі).
Осылайша, Министрліктер үйінен «Хан Шатыр» СОСО-ға дейінгі жол жүру құны 400 теңге. «Думан» СОСО-дан «Астана Молл» СОСО-ға дейінгі жол жүру құны 456-553 теңге. Бейбітшілік пен Келісім сарайынан Темір жол вокзалына дейін 582-720 теңге шамасында жетуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, Uber арқылы жол жүру ақысы тек аккаунтқа тіркелген банктік картадан қолма қолсыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
Сіздің Астанадағы Uber-ді қолдану барынша көңілден шығуы үшін, қызметке қосылған сәттен бастап жексенбінің кешіне, яғни 12 маусымға дейін қызметті тегін қолдана аласыз! Біз әр қолданушыға Uber арқылы жүргізілетін 5 жол жүруге (әрқайсысы 800 теңгеге дейін) 4000 теңге жеңілдік жасаймыз.
Біздің тәжірибе Uber-дің қаладағы алғашқы жұмыс күнінде қызметті қолданушылар саны автокөлік санынан артық болатынын көрсетіп отыр. Uber үшін сапа басты басымдық болып табылады, және біз әр қалаған адамның біздің платформаны пайдалана алуы үшін жұмыс істеудеміз. Егер тапсырыс берген кезде экранда «Бос автокөлік жоқ» деген хабарлама көрсеңіз, қосымшаны сәлден кейін қайта ашыңыз.
UBER-ГЕ ҚАЛАЙ ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ:
- AppStore, Google Play немесе WindowsStore немесе uber.com/app сілтемесі арқылы Uberқосымшасын орнатыңыз.
- Дербес деректер мен банктік карточка мәліметтерін толтыра отырып, тіркеліңіз.
- Экранға қол тигізіңіз, сөйтіп санаулы минутта алдыңызға автокөлік келеді.
Uber-дің Астанадағы серіктесі болу үшін, partners.uber.com сайтында тіркеле аласыз немесе [email protected] мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Содан соң көлік жүргізушілермен жұмыс бойынша мамандар сізге міндетті түрде хабарласып, автокөліктерге қойылатын талаптар мен Uber платформасына қосылуға қажетті құжаттар жөнінде айтып береді.
Барлық сауалдар бойынша бізбен қосымшадағы «КӨМЕК» бөлімі арқылы байланыса аласыз.
Біздің жаңалықтармен Instagram, Facebook, Twitter парақшаларында және #UberAstana хэштегі арқылы таныса аласыз.