Негізгі мазмұнға өту

Орныңыз туралы айтып беріңіз

Аймағыңызға арналған дұрыс ақпаратты көрсетуге көмектесу үшін ең жақын қала атын енгізіңіз

uberPOOL

Бірге үнемдейміз

uberPOOL сіз үшін бірдей бағытта жүретін жолаушыларды таңдап алады, сөйтіп бірлесіп баруға және төлеуге болады.

  • Арзан бағамен есіктен есікке дейін жеткізу
  • Ыңғайлы седандарды басқалармен бірлесіп пайдалану
  • Әр сұрау үшін ең көбі 2 орын

uberPOOL қалай жұмыс істейді?

1

Тапсырыс

Uber қолданбасын ашып, Баратын жер қандай? өрісіне баратын жеріңізді енгізіңіз. Экранның төменгі жағында uberPOOL опциясын түртіңіз. Содан соң uberPOOL тапсырысын растау түймесін түртіңіз. uberPOOL көлігіне 2 адамға дейін отыра алады.

Жүргізушінің келетін уақытын және баратын жеріңізге шамаланған жету уақытын көресіз.

2

Сапар

Алып кету орнына бара жатқанда Uber қолданбасындағы картаға қараңыз. Көлікте ешкімнің күтіп қалмауы үшін, жүргізуші келгенше жол жиегінде дайын тұрыңыз.

Көлігіңізді сіздің бағытыңызбен жүретін басқа жолаушылар үшін іріктейміз. Осылайша сізге төмен баға ұсына аламыз, сондықтан сапар барысында жолаушыларды алып кету және түсіру үшін қосымша тоқтауыңыз мүмкін.

3

Түсіңіз

Баратын жерге жеткенде, көліктен шыға беріңіз. Біз жолақыны тіркелген төлеу әдісінен автоматты түрде аламыз. Егер сапарыңыз 5 жұлдызды болса, сапардан кейін жүргізушіге қолданба арқылы шайпұл беруіңізге болады.

uberPOOL қызметінің айырмашылығы

Жолдан алып кету

Көліктегі бос орындарды толтыру үшін маршрутыңызға сәйкес келетін жолаушыларды іздейміз. Бірге баратын жолаушыларды күлімсіреп қарсы алыңыз—олармен бірге ақша үнемдеп жатырсыз.

Сәл ұзағырақ уақыт кетеді

Қосымша жолаушылармен баратын жеріңізге сәл ұзағырақ жүруіңіз мүмкін, бірақ шамаланған келу уақытын әрқашан қолданбада көресіз. Егер асықсаңыз, uberX қызметін пайдаланыңыз.

Алып кететін жерге жүргізушіден бұрынырақ келіңіз

Сапарыңыздың уақытын дұрыс жоспарласаңыз, uberPOOL қызметі керемет болады. Көлікте ешкімнің күтіп қалмауы үшін, жүргізуші келгенше жол жиегінде сапарға дайын тұрыңыз.

Өз бағытыңызда болыңыз

uberPOOL арқылы сапарыңыз басталғаннан кейін баратын жеріңіз орнатылады және бекітіледі. Бұл бізге тағы кімді алып кету керектігін анықтауға және ең жақсы маршрутты таңдауға көмектеседі.

Топта екі адам

uberPOOL бойынша досыңызбен бірге сапарға шыға аласыз, бірақ сізбен бірге 2 адамнан көп болса немесе қосымша жолжүгіңіз болса, uberX немесе uberXL үшін тапсырыс берген дұрыс.

ЖҚС

Жолда күтілетін нәрселер

  • Жолжүгіме орын бар ма?

    Ол көліктегі орын мен жолаушылар санына байланысты. Егер жолжүгіңізбен сапарға шықсаңыз, uberX қызметін пайдаланып көріңіз.

  • Менде 2 адамнан көп болса не болады?

    Бұл сауық кеші! uberPOOL әр сұрау үшін тек 2 адамға рұқсат етеді, алайда үлкенірек топтар үшін uberX немесе uberXL қызметін пайдалануға болады.

  • Басқа жолаушыларды алып кетуге қанша уақыт кетеді?

    Орта есеппен, uberPOOL арқылы жүргенде сапарыңыздың жалпы уақытына тек бірнеше минут қосылады. Сапар барысында шамаланған келу уақытыңызды әрқашан қолданбада көрсетеміз.

  • Мені бірінші алып кетті. Неге мен екінші болып түстім?

    Алып кететін жер мен түсіретін жер бойынша тапсырыс жүргізушінің кімді алдымен алып кеткеніне емес, маршруттағы баратын жеріңізге байланысты болады.

  • Сапар кезінде алып кету үшін адамдардың саны шектеле ме?

    Сапар кезінде жолаушылар мінуі және түсуі мүмкін. Барлық бос орындар толса, қосымша жолаушыларды іздеуді тоқтатамыз. Келу уақытыңызға үлгеруіңіз үшін де қосымша жолаушыларды іздеуді тоқтатамыз.

  • Бірге баратын жолаушы бізді жолымыздан басқа бағытқа бұрса не болады?

    Кейбір алып кететін және түсіретін жерлер бағыттан сәл шетте болған жағдайда да, қолданбада көрсетілген уақытта келуіңіз үшін әрқашан барынша тырысамыз.

uberPOOL арқылы сапарға дайынсыз ба?

Қазір тіркелу

uberX

Арзан, күнделікті сапарлар

uberXL

6 адамға дейінгі топтарға арналған арзан паркеттік жол талғамайтын көліктер

UberSUV

6 адамға дейінгі топтар үшін люкс жол талғамайтын көліктер

UberBLACK

Кәсіби жүргізушілермен жоғары деңгейлі сапарлар

UberSELECT

Бағасы арзан жоғары деңгейлі сапар

uberWAV

Мүгедектер арбашасы кіре алатын көліктермен арзан сапар