Негізгі мазмұнға өту

Орныңыз туралы айтып беріңіз

Аймағыңызға арналған дұрыс ақпаратты көрсетуге көмектесу үшін ең жақын қала атын енгізіңіз

Uber
Талап бойынша сапарлар
Орнату

Сапар қауіпсіздігі

Жолаушылар алдындағы жауапкершілігіміз

Uber жолдағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау ісіне берілген. Біздің технологиямыз әр сапардың алдында, сапар барысында және сапардан кейін жолаушы қауіпсіздігіне зейін қоюға мүмкіндік береді. Бұл келесідей жүзеге асырылады.

Сапардың алдында

Қауіпсіз сапар шегу

Қауіпсіз алып кету
Есіктен есікке дейін қызмет көрсету үшін, Uber қолданбасы орныңызды автоматты түрде анықтайды. Яғни, қайда болсаңыз да, жүргізушінің келуін қауіпсіз және жайлы жерде күтесіз.

Барлық адамдарға, барлық жерде ашық
Сапар тапсырыстарының барлығына ең жақын қолжетімді жүргізуші іріктеледі. Осылайша нәсілге, жынысқа немесе баратын жерге қатысты кемсітушілік болмайды.

Жүргізуші профильдері
Сізге жүргізуші табылғанда оның атын, нөмірлік белгісін, фотосуретін және рейтингін көресіз, осылайша, сізді кім алып кететінін алдын ала білесіз. Бірдеңе қалып қойса, жүргізушіге сапардан кейін де хабарласа аласыз.

Сапар кезінде

Баратын жерге жету

Әрқашан картада
Сапарыңызды нақты уақыт режимінде бақылаңыз, сонда қайда келе жатқаныңызды әрқашан білетін боласыз. Ал uberPOOL қызметін пайдалансаңыз, сізбен кімнің жол жүріп келе жатқанын көре аласыз.

Шамаланған келу уақытымен бөлісіңіз
Жүргізуші сізді алып кеткеннен кейін достарыңызға және отбасыңызға шамаланған келу уақытын жіберіңіз, сонда олар маршрутыңызды бақылап, келетін уақытыңызды біліп отырады.

Сапардан кейін

Сізге әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз

Анонимді пікір
Әр сапардан кейін жүргізушіге баға беріп, сапарыңыз туралы анонимді пікір қалдыруға болады. Біз барлық пікірлерді қарап шығамыз, себебі біздің мақсатымыз – әр сапарды жоғарғы дәрежеде жүзеге асыру.

24/7 қолдау
Қолдау ұжымымыз сапарға қатысты кез келген сұрақтарға жауап беруге дайын және жоғалған заттарыңызды қайтарып алуға әрқашан көмектеседі.

Жылдам жауап
Арнайы білімі бар, инциденттермен жұмыс істейтін қызметкерлеріміз кез келген шұғыл мәселелерді шешу үшін тәулік бойы қолжетімді болады.

«Кейде мен жарым түнде жұмыс істеймін және Uber-мен өзімді сенімді сезінемін: маған жүргізушіні сыртта күтудің немесе үйге қауіпсіз жете алмаймын деп уайымдаудың қажеті жоқ.»
Бриттани,
Портлендтегі жолаушы

Қолданбада және оффлайн режимде

Технология арқылы тәжірибелерді жақсарту

Телефон нөмірлерін жасыру

Әлем бойынша көптеген жерлерде, Uber байланыс мәліметтерінің құпиялылығын сақтау үшін телефон нөмірлерін жарияламайтын технологияны қолданады. Сіз және жүргізушіңіз бір-біріңізбен хабарласуларыңыз керек болған кезде, жеке мәліметтеріңіз құпия сақталатын болады.

Әрдайым картада

Әрбір сапардың GPS деректері тіркеледі, сондықтан қайда және қашан жүріп бара жатқаныңызды және рульде кім отырғанын біліп отырамыз. Бұл сонымен қатар бізге жүргізушілер үшін әркез ең жақсы маршрутты таңдауымызға көмектеседі.

Құқық қорғау органдарына көмектесу

Жергілікті құқық қорғау органы жарамды сот үкімін ұсынған жағдайда, біз тергеу ісіне көмектесу үшін оларға пайдалы деректерді береміз.

Жолаушының қауіпсіздігі туралы кеңестер

Қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етудің жолы

Осы Uber арқылы қауіпсіз сапар шегу нұсқаулығын құқық қорғау органымен бірлесіп жасадық. Бұнда қауіпсіз сапар шегу үшін не істеуге болатыны түсіндіріледі.

Нұсқаулықты оқу

Uber арқылы қауіпсіз сапар шегіңіз

Сапарға тіркелу