Негізгі мазмұнға өту

Орныңыз туралы айтып беріңіз

Аймағыңызға арналған дұрыс ақпаратты көрсетуге көмектесу үшін ең жақын қала атын енгізіңіз

Uber
Талап бойынша сапарлар
Орнату

Көлік жүргізу қауіпсіздігі және сенімділігі

Жүргізушілер алдындағы жауапкершілігіміз

Uber жолда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бар күшін салады. Біздің технологиямыз әр сапардың алдында, сапар барысында және сапардан кейін сіз сияқты жүргізушінің қауіпсіздігіне зейін қоюға мүмкіндік береді.

Сапардың алдында

Жолаушыларды алып кету

Анонимді емес алып кетулер

Барлық жолаушылар сапарға сұраныс бермес бұрын аккаунт жасап, аты-жөнін және телефондарының нөмірлерін берулері керек. Осылайша, сұрауды қабылдаған соң кімді алып кететініңізді білесіз, біз де білетін боламыз.

Жасырын телефон нөмірлері

Байланысу мәліметтерін құпия сақтау мақсатында, Uber дүние жүзінің көптеген қалаларында жолаушы мен жүргізуші нөмірлерін анонимді ететін технологияны қолданады. Осылайша, бір-біріңізбен хабарласу керек болғанда, жеке ақпаратыңыз құпия болып қалады.

Сапарда

Баратын жерге жету

Қолданбада шарлау

Жолаушылар баратын жеріне жеткен кезде, қолданба автоматты түрде бағыт-бағдарды көрсетеді, осылайша, ол жерге аман-есен жетуге зейін қоя аласыз.

Әрқашан картада

Әрбір сапардың GPS деректері тіркеледі, сондықтан кіммен жүріп бара жатқаныңызды және қайда бара жатқаныңызды біліп отырамыз, осылайша, жауапкершілік пен әдептілікті үгіттейміз.

Сапардан кейін

Uber сапарларын әрқашан жетілдіріп отырамыз

Артық ақшаны қайтару, асығу деген жоқ

Жолақы жолаушының аккаунтында тіркелген төлеу әдісінен автоматты түрде алынады, осылайша, сапарлардың көбінде ақша санап әуре болмайсыз. Бірақ жолаушы қолма-қол төлесе, қолданба автоматты түрде кредит жасап, артылған ақша аккаунтыңызға қайтарылады.

Жүргізуші пікірі

Әр сапардан кейін жолаушыңызды бағалай аласыз. Біз бағаларды тексеріп, машинаңызға отырған әр жолаушының сіз сияқты сыпайы болуын қамтамасыз етеміз. Біздің қызмет көрсету шарттарымызды бұзатын жолаушыларға Uber қызметін пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.

24/7 режимінде қолдау

Біздің қолдау көрсету тобымыз көлік жүргізуге қатысты кез келген сұрағыңызға жауап беруге дайын.

«Жолаушылар мен басқа жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысып жатқанымды ойласам, жақсы іспен айналысып жатқаныма көзім жетеді».
Кристин
Питтсбургтағы жүргізуші*

Сіздің қамыңызды ойлаймыз

Қауіпсіздік күндіз-түні сақталады

Жылдам жауап

Апатты жағдайда жұмыс істеуге арнайы жаттықтырылған топтарымыз тәулік бойы туындаған қауіпсіздік мәселесін шешуге дайын.

Құқық қорғау органдарына көмектесу

Жергілікті құқық қорғау органы жарамды сот үкімін ұсынған жағдайда, біз тергеу ісіне көмектесу үшін оларға пайдалы деректерді береміз.

Uber қызметімен көлікті қауіпсіз жүргізіңіз

Көлік жүргізу үшін тіркеліңіз